Атырау, 29 қараша 18:18
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Владимир Путин конституциялық реформа жасамайтынын айтты

2 024 просмотра


Президенттік сайлауда жеңіске жеткен Владимир Путин жақын арада конституциялық реформа жасамайтынын жариялады. Сондай-ақ биліктегі осы мерзімі аяқталғаннан кейін тағы да сайлауға түсуге ниетті емес екенін жеткізді.

Ал премьер-министр мен үкімет құрамындағы өзгерістер жайлы ұлықтау рәсімінен кейін белгілі болмақ. Ресей орталық сайлау комиссиясының мәліметтеріне қарағанда, бюллетеньдердің 99,8 пайызы саналған. 

Нәтижесінде халықтың 76,67 пайызы қазіргі президент Владимир Путинді қолдап дауыс берген. 

Яғни бұл 51 миллион 900 мың ресейліктің оны жақтағанын көрсетіп отыр. 

Жергілікті арналардың хабарлауынша, Путин бұған дейінгі сайлауларда осынша адамның қолдауына ие болмаған. Бұл – оның саяси мансабындағы рекордтық көрсеткіш. 

Владимир Путин, Ресей Федерациясының президенті: - Әзірге конституцияға өзгеріс енгізу туралы жоспарым жоқ. 

Ал үкімет басшысы мен құрамы жайында ойланып жүрмін. Егер бір өзгерістер болса, ұлықтау рәсімінен кейін жарияланады.

Дереккөз: 24.kz

19 наурыз 2018, 14:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.