Атырау, 19 мамыр 16:08
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Ойнайтын жерді тапқан екен

3 803 просмотра


16 наурызда Құрманғазы ауданындағы Шора өзенінде төрт бала мұз астына түсіп кетті. Бақтарына қарай, оларды құтқарып алды.

Оқушылар (үш ұл мен қыз) мұз үстінде ойнап жүрген. Кенеттен мұз ойылып, олардың бірі мұз астына түсіп кетіп, артынан басқалары да ілесе кетті. Олардың көретін жарығы бар екен. Оқиға аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің кеңсесі мен Батыс аймақтық жедел құтқару жасағы бөлімшесінің жанында орын алды. Олардың қызметкерлері жедел жетіп, төрт баланы қауіпсіз жерге шығарып алды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

Суретті Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі ұсынды

19 наурыз 2018, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.