Атырау, 29 қараша 18:36
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Boeing ұшағын атып түсірді деп айыпталған украиналық өзіне қол салды

2 503 просмотра


Украинада Малайзияның Boeing-777 ұшағының құлауына қатысы бар деп айыпталған ұшқыш Владислав Волошин өзін-өзі атып өлтірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LIGA.net сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, Волошин пәтерінде ПМ маркалы тапаншасымен өзін атып өлтірген. Волошиннің отбасы да сол пәтерде болған. Ер адам ауруханаға шұғыл жеткізілгенімен, жедел жәрдем бөлмесінде қайтыс болды. Туыстары полиция қызметкерлеріне соңғы кездері оның күйзелісте болғанын айтты.

Құқық қорғау органдары «Қасақана кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Куәгер ұшақтың Волошиннің әрекетіне байланысты құлауы мүмкін деп мәлімдеді. Өз кезегінде Украинаның қауіпсіздік қызметі Волошиннің Украина армиясында қызмет еткенін, апат күні ешқандай рейс жасамағанын айтты.

Естеріңізге сала кетсек, Амстердамнан Куала-Лумпурға ұшқан Малайзияның Boeing-777 ұшағы Украинаның шығысындағы Донецк қаласына жақын жерде 2014 жылдың 17 шілдесінде құлаған. Бортта болған 298 адамның барлығы қаза тапқан.

Дереккөз: Baq.kz

19 наурыз 2018, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.