Атырау, 29 қараша 18:39
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Ресей Ортсайлаукомы 15 елден хакерлер шабуылдағанын мәлімдеді

1 599 просмотра


РФ Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Майя Гришина РФ ОСК ақпараттық анықтамалық орталыққа көптеген хакерлік шабуылдар жасалып жатқанын айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Қазақстан Ресейдегі Президент сайлауына 203 бақылаушы жіберді РФ президентін сайлау: Қазақстан қалаларында ресейліктер дауыс беріп жатыр Ресейде президент сайлауы өтіп жатыр «Қазірдің өзінде ақпараттық анықтамалық орталыққа түсіп жатқан күш бірнеше есе артты деуге болады, олардың арасында хакерлік шабуылдарды анықтап жатырмыз», - дейді М. Гришина.

Комиссия хатшысы Ортсайлаукомның сайтына 15 елден шабуыл тіркелгенін айтты. Бұдан тыс, РФ Орталық сайлау комиссиясының басшысы Элла Панфилованың сөзіне қарағанда, азаматтар дауыс беру тізімінен өздерінің аты-жөнін таба алмай жатқанын айтып шағымдануда. Олар тұрғылықты мекенжайлары бойынша дауыс беру туралы бірнеше рет өтініш те жазып үлгерген. 

Панфилова, сонымен қатар, бірден артық мәрте дауыс беруге ұмтылған азаматтар әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін екенін ескертті.  

Дереккөз: inform.kz

18 наурыз 2018, 17:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.