Ресей Федерациясында сайлау алдындағы үгіт жұмыстарына тыйым салынған тыныштық күні өтіп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТАСС-қа сілтеме жасап.
«РФ Президентін сайлау туралы» заңға сәйкес, телеарналар мен радиоларда, баспасөздер мен желілік баспаларда жергілікті уақыт бойынша сағат 00:00-ден бастап үгіт жұмыстары тоқтатылады.
Үміткерлер мен партиялар 17 наурыз күні үгіт жүргізбейтін болады. Яғни, олар шеру немесе сайлаушылармен кездесу өткізіп, үгіт парақшаларын тарата алмайды. Азаматтар сайлаушылардың жайлылығы үшін мұндай заңнама бірқатар әлем елдерінде де енгізілген.
Орталық сайлау комитетінің хатшысы Майя Гришина жұмада тыныштық күні үгіт, сайлауға байланысты лотореялар жүргізуге болмайтынын ескертті.
Мұнда тыйымның, дегенмен, Орталық сайлау комитеті мен аймақтық комиссиялардың сайлауға қатысу туралы үгіт жұмысына қатысы жоқ. Тыныштық күнінен кейін дауыс беру күні басталады. Ол уақытта да үгіт жұмыстарын жүргізуге тыйым салынған.
Тыйым 18 наурыз күнгі 21:00-ге дейін, Калининград облысының ең соңғы сайлау учаскесі жабылғанға дейін күшінде болады.
Дереккөз: inform.kz