Атырау, 26 қараша 11:24
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Екі дос - екі жау

Сурет Бейнежазба
4 241 просмотра

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары, полковник Берік ОМАРОВ

«Атырау»  сауда  орталығында «АЮ СИНЕМА» кинокомпаниясы мен «Хабар» агенттігі бірлесіп түсірген «Алтыншы бекет» көркем фильмінің тұсаукесері өтті.

Фильм болған оқиғаның ізімен түсірілген. БАҚ-та хабарланғандай, 2010 жылғы 22 маусымда алдын ала дайындалған 21 қарулы қылмыскер Маңғыстау облысындағы қатаң жүйедегі колониядан қашқан болатын. Ресми ақпараттарға сәйкес, олардың жетеуі қашу кезінде өлтіріліп, біреуі ізге түсу кезінде ұсталған, 13-і сытылып кетті. Кейіннен қашқындар Маңғыстау ауданының Қызылсай жықпылында қоршауға алынды. Алтауы ұсталып, қалғаны автокөлікте жарылып кетті. Фильмге ұлттық ұлан жауынгері, ерлігі үшін ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған Ербол ОТАРБАЕВТЫҢ жанқиярлық ерлігі негіз болған.   

Фильм сюжеті желісінде тағдыр екі сыныптасты қатаң режимді түзету колониясында кездестіреді. Темір тордың бір жағында - сарбаз Ерлан Қаратаев, екінші жағында - кезінде екеуі де ғашық болған қыздың өлімі үшін сотталған Дәурен Ізбасов. Дәурен осы жерде радикалды исламшылардың ықпалына түседі.

Тұсаукесерге Атырауда орналасқан әскери бөлімдердің басшылығы мен офицерлері отбасыларымен келді. Сондай-ақ көрсетілімге облыс және қала басшылары, депутаттар, құқық қорғау органдары басшылары, БАҚ, ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері шақыртылды.   

- Бұл көркем фильмнің астарында туған елді тілмен емес, жүрекпен сүюдің жарқын үлгісі жатыр. Фильм өсіп келе жатқан жастарды Отансүйгіш, ұлтжанды, патриот болып өсуге тәрбиелейді,- деді тұсаукесерді ашқан полковник Берік ОМАРОВ.

«Алтыншы бекет» фильмі 15 наурыздан бастап «Атырау» СО кинозалында көрсетіледі.


Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА 

Фото және видеоны түсірген автор

16 наурыз 2018, 15:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.