Атырау, 20 ақпан 16:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.17
€ 576.63
₽ 6.38

​АҚШ-та жаяу жүргіншілер көпірі адамдарға құлады, қаза болғандар бар

2 104 рет қаралды


АҚШ-тың Флорида штатында жаяу жүргіншілер көпірі қирады. Төтенше жағдайдан қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап. 

Көпір Майамидің оңтүстік-батысында Халықарадық университеттің кампусы маңында орналасқан. 

БАҚ мәліметінше, салмағы 950 тонна болатын көпірдің астында бірнеше көлік қалып қалған. 

Оқиға орнында құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Басылымның мәліметінше, көпір инновациялық технологиялармен жасалып, жаяу жүргіншілер мен көлік құралдарына қауіпсіздікті кепіл етуі тиіс болған. 

Құрылыс жұмыстары 2019 жылдың басында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

16 наурыз 2018, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.