Атырау, 29 қараша 18:33
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Пәкістан АҚШ-ты қолдап, Иранды айыптады

2 039 просмотра


Исламабад билігі мәлімдеме таратып, Иранның АҚШ-ты «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымының қолдаушысы деген айтпауын жоққа шығарды. 

Ресми мәлімдемеде Пәкістан үкіметі: «Иранның айыптауы қисынсыз, әрі күлкілі» деп бағалады. Бұл туралы VOA ақпараттық сайты хабарлады. 

Иранның Сыртқы істер министрі Зариф осы аптаның бас шенінде АҚШ-ты айыптап, Құрама Штаттың Ауғанстанда тұратын әскерлері «Ислам мемлекеті» террорлық тобына қолдау көрсетуші деп айыптады. 

Ол сөзінде америкалық әскери тікұшақтың соғыс аймағынан және Ауғанстанның шығысындағы бір түрмеден «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымының мүшелерін құтқарып, елдің шығысындағы белгісіз бір жерге жеткізді деген. 

АҚШ-тың Кабулда тұратын елшісі Жон Басс және НАТО-ның «Жедел қолдау көрсетуші» әскери күштері сәрсенбі күні Ауғанстанның телеарнасына сұхбат беріп, Зарифтың айыптауын терістеді және ашық арандату мен жала жабу деп бағалады.  

Басс сөзінде: «Теһран (Тегеран) өзінің күш-жігерін жалған сөздер таратудан көрі, Ауғанстанда бейбітшілік орнатуға жұмсағаны дұрыс», – деді. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

15 наурыз 2018, 16:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.