Якутскіден ұшып шықпақ болған ұшақтың жүк салатын люгінің қақпағы ашылып кетті, деп хабарлайды РИА Новости.
Sakhaday.ru сайтының мәліметінше, люктің ашылып кетуі себепті «аса құнды жүк жоғалған». Масқара болып жатыр. Полиция әуежайдың маңын жауып тастап, өткен-кеткен адамдар мен жүргізушілерді жіті тінтуге кірісті.
Ресми ақпарат әзірге жоқ.
Қазіргі уақытта төтенше жағдайлардың себептері тексерілуде. Ұшу кезінде ұшақты экипаж құрамына кіретін техниктер дайындағаны белгілі болды.
Желіге тарап кеткен ақпаратқа сенсек, ұшақтан түскен заттар алтын құймаларына қатты ұқсайды екен.
Telegram-дағы Mash арнасы хабарлағандай, ұшақ бортында 21 млрд 600 млн рубльге бағаланатын алтын болған.
Әзірге Якутск әуежайы мен сол маңайдан 172 алтын құймасы табылды. Әр құйманың салмағы 20 келі. Ақпарат құралдарының мәліметінше, ұшақта шамамен тоғыз тоннаға жуық алтын болған. Ол жүктің жартысынан астамы апат кезінде жоғалып кетті.
Дереккөз: 7kun.kz