АҚШ-та 10 мыңдай оқушы зорлық-зомбылық пен суық қарудың еркін сатылымына наразылық білдірді. Манхэттеннің орталық көшесінде өткен бұл шеруге өзге штат мектептері де атсалысты.
Осыған орай АҚШ-тағы меншікті тілшіміз Майра Әбдірахманова оқу сағаттары тоқтатылғанын хабарлады.
Наразылық акциясы күндізгі сағат 10-да басталып, 17 минутқа созылған. Бұл Флорида штатының Парклэнд қаласындағы атыс нәтижесінде құрбан болған 17 оқушыны еске алу құрметіне орайластырылған. «Қару-жарақты сатып алу мен сақтау жолдарын заң бойынша қатаңдату керек!
Атыс қаруын еркін сатып алу бізді жақсылыққа жетелемейді! Келесі құрбан біз болуымыз мүмкін!» деп ұрандатқан оқушылар өз ойларын ашық жеткізді. АҚШ-та мектеп оқушылары үлкен үреймен өмір сүреді. Себебі олар сабаққа баруға қорқады.
Ал ата-аналардың тілеуі – баласының оқудан аман-есен үйге оралуы. Аляскадан бастап Флоридаға дейінгі штат оқушылары АҚШ Конгресіне осы жайтқа байланысты қатаң заң жобасын қабылдауды талап етті.
Айта кету керек, Флорида штатында 21 жасқа толмағандарға қару-жарақ сатылымына тыйым салынды. Осы тақырыптағы келесі наразылық шеруі наурыз айының соңына жоспарланып отыр.
Дереккөз: 24.kz