Атырау, 26 қараша 11:56
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Күн сайын балық аулауға болады

4 659 просмотра

Сурет "АЖ" мұрағатынан алынды

Жайықтан мұз түсе бастағанда сейсенбі және сәрсенбі күндері әуесқойлықпен балық аулауға салынған тыйым күшін жояды. 1 сәуірге дейін күн сайын күндізгі уақытта жағалауға қармақпен шығуға болады. Рас, балықшылар үшін өте аз уақыт қалды, бірақ наурыз айының соңында қармақ жақсы қабады.

«Лақтырма» мен спиннингпен аулауға арналған лимит қысқы балық аулаумен бірдей: бір балық аулаушыға бір шыққанда 5 ілмекті қармаққа 5  келі балық аулауға рұқсат етіледі. Ал 1 сәуірден 15 маусымға дейін әуесқойлықпен балық аулауға толық тыйым салынады.

Атырау аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының бас маманы Ақжан ЗҰЛҚАРОВАНЫҢ айтуынша, 2018 жылға арналған балық аулау ережесін бұзғаны үшін айыппұл 24 050 теңгені құрайды. Оны 7 күн ішінде төлеп, соманың жартысын үнемдеуге болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

14 наурыз 2018, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.