Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік хатшысы ауысады. Бұл жайлы сейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп Твиттердегі өз парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
«Орталық барлау басқармасының директоры Майк Помпео біздің жаңа мемлекеттік хатшы болады. Ол тамаша жұмыс атқарып келеді! Рекс Тиллерсонға қызметі үшін алғыс айтамын!» -деп жазды Дональд Трамп.
АҚШ президентінің айтуынша, Орталық барлау басқармасының жаңа директоры болып алғаш рет әйел адам - Джина Хаспел тағайындалады.
Дереккөз: inform.kz