АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қатысты санкцияны тағы бір жылға ұзартты.
Оған Тегеранның баллистикалық зымыранды жасауға талпынысы мен халықаралық лаңкестікке қолдау көрсетуі және елде адам құқықтарын өрескел бұзуы түрткі болған.
Ақ үй басшысының мәлімдеуінше, мұндай әрекет Құрама Штаттардың ұлттық қауіпсіздігіне, сыртқы саясатына және экономикасына қауіп төндіреді.
Айта кетейік, 2015 жылы шілде айында Иран мен Қауіпсіздік кеңесінің 5 тұрақты мүшесі және Германия арасында ядролық келісімге қол қойылған болатын. Соған сәйкес Иран уран байытуды доғаруға және ядролық қару жасаудан бас тартуға қатысты міндеттеме алған.
Алайда президент Трамп билік басына келген соң бұл шартты бірнеше рет қатты сынға алып, өткен жылдың қазан айында Иранға қатысты стратегияны қайта қатаңдатты.
Дереккөз: 24.kz