Германиядағы Христиан демократиялық, Христиан социалистік және Социал демократиялық партияларының жетекшілері бірлесіп жаңа үкімет жасақтауға мүмкіндік беретін коалиция құру туралы келісімге қол қойды.
Енді 14 наурызда Бундестаг канцлер сайлау рәсімін өткізеді. Қазір бұл коалиция парламенттегі 709 мандаттың 399-ына ие. Сондықтан Федералды Республиканың канцлері ретінде Ангела Меркельдің сайланатыны қазірдің өзінде айдан анық.
Осыдан кейін президент заңды канцлер мен үкіметтің жаңа мүшелеріне тағайындалу туралы грамоталарын тапсырады. Осылайша министрлер кабинеті жарты жылға жуық уақыттан кейін ресми түрде жұмысын бастайды.
Өз кезегінде Ангела Меркель жаңа үкімет Еуропаның тұтастығын сақтап, оның Ресей, Қытай АҚШ және өзге де мемлекеттермен қатынасын жақсарту бағытында жұмыс істейтінін атап өтті.
Ангела Меркель, Германия канцлері:
- Парламент сайлауының болғанына алты айдай уақыт өтті. Сайлаушылар барлық партияларға дауыс беріп, еліміздің болашағына жауаптыларды таңдады. Енді халықтың сол үмітін ақтайтын уақыт жетті. Бүгін оны нық сеніммен айта аламыз.
Дереккөз: 24.kz