Мәскеуде Кеңес одағының халық әртісі, танымал актер Олег Табаков 83 жасқа қараған шағында өмірден озды.
Ол 1935 жылы Саратов қаласында дәрігерлер отбасында дүниеге келген. 1953 жылы Мәскеу көркем академиялық тетарының мектебіне қабылданды.
Кейін соның негізінде «Современник» тетрының негізін қалаушы алты актердің бірі атанды.
25 жыл бойы сол өнер ошағының ең белді әртісі болды. Кейін Чехов атындағы Мәскеу көркем театрының басшылығына дейін көтерілді.
70-жылдары өзінің «Табакерка» театрын құрды. Олег Табаков көзі тірісінде 120-дан астам кинода ойнады.
Ал театрда 100-ге жуық қойылымның кейіпкерін сомдады. 2001 жылы Ресей президентінің жанындағы мәдениет және өнер кеңесінің мүшелігіне қабылданды.
Танымал әртіс өткен жылдың қараша айында денсаулығының күрт нашарлауына байланысты ауруханаға түскен.
Дереккөз: 24.kz