Атырау, 29 қараша 16:34
 ашықВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

АҚШ ядролық келісімнен шығуы мүмкін

1 938 просмотра


Ақ үй басшысы Дональд Трамп АҚШ-тың Иранмен ядролық келісіміне елеулі өзгерістер енгізілмесе, одан шығатынын мәлімдеді.

Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. Дерек бойынша, 5 наурызда Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кездесу өткізген. 

Басқосуда Трамп Ұлыбритания, Франция мен Германия елдері аталған құжатқа тек кішігірім өзгерістер енгізуді ұсынғанын айтып, мұның жеткіліксіз екенін алға тартты. 

Ақ үй басшысы АҚШ пен Еуропа елдері арасындағы уағдаластыққа емес, Иран ядролық келісіміне айтарлықтай түзетулер енгізілуін талап етіп отыр. 

Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, егер де оның талаптары орындалмаса, АҚШ бұл келісімнен шығып кетпек. 

Дерек бойынша, Трамп бұған жол бермес үшін, сондай-ақ ядролық келісімді өзгерту бойынша уағдаластыққа қол жеткізу үшін 12 мамырға дейін уақыт берді.

Дереккөз: 24.kz

12 наурыз 2018, 14:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.