Атырау, 29 қараша 16:57
 ашықВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Бекмамбетов АҚШ-та «Достықтан шығару» фильмінің жалғасын ұсынды

1 491 просмотра


Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов Техаста өткен South by Southwest фестивалінде «Достықтан шығару» фильмінің жалғасын ұсынды, деп хабарлайды ТАСС. 

«Фильмді продюсерлер Тимур Бекмамбетов (Bazelevs) пен Джейсон Блум (Blumhouse Productions) ұсынды», - деп хабарлаған туындыны түсірумен айналысып жатқан Bazelevs кинокомпаниясының баспасөз қызметі. 

Фильмнің жалғасы, яғни сиквел сенбі күні Unfriended: Dark Web («Достықтан шығару: Даркнет») деген атаумен таныстырылған. Фильмнің сюжеті жаңа компьютерінен жасырын файлдарды тауып алып, даркнет (жеке желі) әлеміне еніп кететін жас жігіттің оқиғасы төңірегінде өрбиді. 

«Фильм Тимур Бекмамбетов ойлап тапқан Screenlife атты инновациялық форматта түсірілген. Ол алғаш осы фильмнің бірінші бөлімінде жүзеге асырылған болатын. Яғни, барлық оқиға басты кейіпкердің компьютерінің экранында көрініс табады. 

Сценарий режиссері әрі авторы - Стивен Саско. 

Дереккөз: inform.kz

12 наурыз 2018, 11:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.