Атырау, 15 қаңтар 02:57
 қар жаууы ықтималВ Атырау -6
$ 510.43
€ 594.86
₽ 6.49

​Назарбаев әйелдерді мерекесімен құттықтады

2 422 рет қаралды


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әйелдерді Әйелдердің халықаралық күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мемлекет басшысы құттықтау сөзінде жаңа азаматтардың тууы мемлекеттің басты стратегиялық мақсаты екенін атап өтті.  "Жаңа азаматтардың тууы мен ұлт санының артуы - мемлекетіміздің басты стратегиялық мақсаты. Әйелдер өзі ер адамдарды туып алып, өздеріне проблема жасап алады деп тегін айтпайды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы "Көктем шуағы" концертінің ашылуында. 

Сондай-ақ, Президент ел тынысындағы әйелдердің рөліне тоқталды. 

"Құрметті отандасатар, еліміздің өмірінде маңызды жасампаз рөлін орындайсыздар. Әйелдер жетістікке жете алмайтын сала жоқ. Спортта да, ғылым мен саясатта да олимпті бағындырасыздар. Бүгінде 3000-ға жуық ғылым докторының 60 пайызы әйелдер, Мәжілістің үштен біріне жуығы - нәзік жандылар", - деді Елбасы. 

"Жалпы алғанда әйелдердің үлесі жалпы құрамның басым бөлігі. Әйелдер туа бітті менеджерлер деп тегін айтылмаған. Себебі әйелдердің интуициясы ерлердің лошикасы мен сеніміне қарағанда нақтырақ", - деп мәлімдеді Президент.

Дереккөз: tengrinews.kz

7 наурыз 2018, 17:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.