Атырау, 23 желтоқсан 05:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

АҚШ-та 46 жастағы қазақстандық жол апатынан қаза тапты

2 649 рет қаралды


АҚШ-та Нұрлан Нөгербеков есімді қазақстанды азамат жол апатынан қаза тапты. Бұл туралы Gofundme сайты Facebook желісіндегі Kazakh American Association тобына хабарлаған. 

БАҚ мәліметінше, ер адам Огайо шатының оңтүстік-батысындағы Цинциннати қаласында жолда келе жатып, тізгінге ие бола алмай қалған. 

WLWT.com порталының мәліметі бойынша, 46 жастағы ер адам 5 наурызда шамамен сағат 18.20-да жол-көлік оқиғасына ұшыраған. Оның көлігі жолдан шығып кетіп, кәріздің бетон қақпасына соғылған. Көлік бірден өртеніп, ер адам ауруханада көз жұмған.

Хабарлама авторлары марқұмның денесін Таразға жеткізу үшін қаражат сұрап отыр. 

"Нұрлан қайырымды әке әрі күйеу, қымбатты бала әрі бауыр, жақсы дос бола білген. Туыстары жерлеуі үшін Нұрланның денесін үйіне тасымалдауға ақша сұраймыз. Қазақстан елшілігі тасымалдауға көмек қолын созуға дайын. Әркімнен үлес қосуын я сілтемені бөлісуін сұраймыз. Кез келген әрекетіңіз Нұрланның отбасына жасаған жақсылығыңыз болмақ", - делінген хабарламада.

Дереккөз: tengrinews.kz

7 наурыз 2018, 15:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.