Атырау, 8 мамыр 07:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Қазақстанда ЕЭА үшін салық салу жеңілдетілді

3 352 просмотра


Ерекше экономикалық аймақтарға (ЕЭА) ЕЭА құру мақсаттары үшін кіріс коэффициентін сақтау талап етілмейді, деп хабарлайды LS.

Салық кеңесшілер палатасының мүшесі Сәуле Муслимова «Салық кодексіндегі өзгерістер, ҚҚС және КҚЖ-мен тандемде» конференциясында сөйлеген сөзінде бұл өзгерістер ЕЭА-ты дамытуға оң әсер етуі керек екенін атап өтті.

«Әр өңір үшін өзінің ЕЭА туралы қаулысы бар. Егер, мысалы, ол осы аймақ үшін бейінді өнімдерден түсетін табыстың 90 пайызын алса, жеңілдіктер беріледі. Ал, енді сол 90 да 10 пайыз пропорциясы жойылып отыр. Қанша қалайсыз, сонша өндіріңіз. Бірақ жеке есептік жазбаны енгізіп, КТС, мүлік салығы, жер салығы, жерді пайдаланғаны үшін төлемді қысқартыңыз. Ал, ақпараттық технологиялар паркі үшін әлеуметтік салық та азайтылады. Бұл арнайы аймақтарды дамытуға мүмкіндік береді. Себебі 90 да 10 пайыз пропорциясын ұстап қалу өте қиын», – деді Муслимова.

Дереккөз: 7kun.kz

7 наурыз 2018, 14:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.