Атырау, 7 мамыр 18:10
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Forbes тізіміне Қазақстандық 5 бай адам енген

2 882 просмотра


Амазон компаниясының басшысы Джефф Безос Forbes рейтингінде бірінші орынға шығып, әлемдегі ең бай адам болып саналды. Ал6 Билл Гейтс екінші орынға сырғыды. Үшінші орынға Уоррен Баффет орналасты.

Америкалық Forbes журналы кеше, яғни, 6 наурызда долларлық миллиардерлердің жаһандық рейтингін жариялады. 2017 жылдың қорытындысы бойынша, ең бай 20 адамның жалпы байлығы 1,2 трлн долларды құраған. Әлемдегі 2208 миллиардердің дәулетінің 13 пайызы тізімдегі алғашқы жиырмалыққа тиесілі.

2018 жылы рейтингте  Amazon басшысы Джефф Безос 112 млрд доллармен көш бастады.

Безостың жетістігі Amazon акцияларының өсуімен байланысты. Акциялар 2017 жылы шамамен 60 пайызға қымбаттаған.

Екінші орында Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс тұр. Оның байлығы 90 млрд доллар. Оның байлығы бір жылда 4 млрд долларға артқан.

Уоррен Баффет үшінші орынға ілікті. Әлемдегі ең танымал инвестор байлығына шамамен 8,4  млрд доллар қосып, дәулеті 84 млрд доллар деп бағаланды.

Сонымен Forbes бойынша әлемдегі ең бай 10 адам

1) Джефф Безос – 112 млрд доллар

2) Билл Гейтс – 90 млрд доллар

3)Уоррен Баффет – 84 млрд доллар

4) Бернард Арнаульд – 72 млрд доллар

5) Марк Цукерберг – 71 млрд доллар

6) Амансио Ортего – 70 млрд доллар

7) Карлос Слим – 67,1 млрд доллар

8) Чарльз Кох – 60 млрд доллар

8) Дэвид Кох – 60 млрд доллар

10) Ларри Эллисон – 58,5 млрд доллар

Сондай-ақ,  бизнес әлеміндегі танымалдар: Джек Ма – 39 млрд доллар

Илон Маск – 19,9 млрд доллар

Сонымен қатар, Forbes тізіміне Қазақстандық 5 бай адам енген:

1) Тимур Құлыбаев – 3,2 млрд доллар 729 орын

2) Динара Құлыбаева –  3,2 млрд доллар 729 орын

3) Владимир Ким – 3,1 млрд доллар 766-орын

4) Болат Өтемұратов – 2,6 млрд доллар 924 -орын

5) Алижан Ибрагимов – 2,3 млрд доллар 1070-орын

Дереккөз: 7kun.kz

7 наурыз 2018, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.