Атырау, 23 желтоқсан 06:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​ҚР энергетика вице-министрі Сәдібеков екі айға қамауға алынды

2 614 рет қаралды

Сот энергетика вице-министр Ғани Сәдібековты екі айға қамауға алу туралы үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2 наурызда Астана қаласының Алмалы аудандық № 2 соты күдікті Ғани Сәдібеков пен Серікбай Жұмалиновты қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын қарастырды.  

"Сот үкімімен күдіктілер екі ай мерзімге қамауға алу бқлтартпау шарасы шығарылды. 3 наурызда Астана қаласының Алмалы аудандық № 2 соты күдікті Бекзат Қадырберлин мен Жана Нұрбековты 2 ай мерзімге қамау туралы үкім шығарған еді", - делінген сот баспасөз қызметінің өкілдері. 

Еске салайық, Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков пен бірнеше лауазымды тұлға жемқорлық дерегі бойынша ұсталдыған еді.  

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық іс-қимыл бюросының қызметкерлері Энергетика министрлігінің бірнеше лауазымды тұлғасын ұстады. Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков "Аймақ" ЖШС мердігерлік ұйымының басшысы Дуанбек Д.-мен біріге отырып, бюджеттен аса ірі көлемдегі қаражатты жымқырған. Ол қаражат Щучинск-Бурабай курорттық орнында өзенді тазалауға арналған қаражат болған. Осы қылмысқа Энергетика министрлігінің департамент басшысы Нұрбеков Ж. мен мердігер компанияның өкілдері Жұмалинов С. мен Қадырберлин Б. қатысқан. Сәдібеков қол қойған жалған актілердің нәтижесінде Энергетика министрлігі 2017 жылы орындалған жұмыстардың үлкен көлемі үшін 3,6 миллиард теңге төледі. Осы сомадан 1 миллиард теңгеден аса ақша қолма-қол төлемге айналдырылған. Тексеріс кезінде бұл ақшалар тәркіленді", - делінген ведомствоның хабарламасында. 

"2018 жылы өзен тазалауға бөлінген тағы 1,5 миллиард теңгені жымқыру дерегіне тосқауыл қойылды. Сәдібеков, Нұрбеков, Дуанбек, Жұмалинов және Қадырберлин ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады агенттік өкілі Нұрлан Жахин. 

Ғани Сәдібеков 1967 жылы 23 қазанда дүниеге келген. Түрлі жылдары (12.2009 - 12.2010 жылдар)Жамбыл облысы әкімі аппаратында басшы қызметін, 2010-2013 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, 2013-2016 жылдары Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.  Ал энергетика вице-министрі қызметіне 2016 жылдың 3 мамырында келді.

Дереккөз: tengrinews.kz

5 наурыз 2018, 15:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.