Атырау, 26 қараша 11:52
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Резонанс: «Ясные зори» өніміне қатысты

2 138 просмотра

Қоғамдық денсаулық департаменті өткізген брифинг туралы «Халықтың өзі қадағалау керек» атты жарияланымнан кейін «АЖ» редакциясына Атырау облысындағы «Ясные зори» сауда маркасының өкілі хабарласты. Ол бұл өнімге уәкілетті органдардың ешқандай тыйым салмағанын айтты.

Ал Қазақстан аумағында оны өткізу үшін барлық қажетті құжаттар, соның ішінде ветеринариялық сертификат бар екен. Анықталғандай, осы өнім туралы жағымсыз жарияланымдар әлеуметтік желілерде және көрші елдегі баспасөз беттерінде болған. Бірақ өнімдерді сатуға тыйым салу туралы ешқандай ресми расталмаған, әңгімелер эмоция, жеке әсерлер мен қауесеттер деңгейінде ғана. Осыған байланысты, «АЖ» редакциясы брифингте айтылған бұл сауда маркасы  туралы біздің тілшіміздің қойған сұрағы қосымша жаңылыс тудырғанын, сондықтан дұрыс емес екенін мойындайды. Оқырмандар мен кәсіпкерден кешірім сұраймыз.

3 наурыз 2018, 20:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.