
Өткен аптада дүниеден өткен Болливуд жұлдызы Шридеви Капурдың денесі Мумбай қаласында кремацияланды. Актрисаның мыңдаған табынушысы алаңда жиналып, Шридевиге құрмет көрсетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ВВС басылымына сілтеме жасап.
Адам көп жиналғандықтан, арнайы безендірілген жүк көлігі актрисаның денесін бейітке жеткізу үшін 7 километрді бірнеше сағат бойы жүріп өтті. Табынушылар жүк көлігінің соңынан еріп отырды. Полиция жолдың бір бөлігін жабуға мәжбүр болғандықтан, аудандағы көлік қозғалысы тоқтатылды.
Дубайдаға тойға барғанда дүниеден өткен 54 жастағы актрисаның денесі барлық мемлекеттік сыйлығымен бірге өртелді.
Полицияның хабарлауынша, Шридеви қонақ үй ваннасында есінен танып қайтыс болған. Бұған дейін оның жүрегі тоқтап қалды деп хабарланған болатын. Бірақ өлім себебі туралы нақты әрі толық баяндама әлі жарияланбады.
Көпшілік халыққа Шридеви есімімен белгілі актриса — Үндістанның ең танымал жұлдыздарының бірі. Ол 50 жылдың ішінде 300-ден астам фильмге түскен.
Актрисамен қоштасуға оның табынушылары ғана емес, басқа да Болливуд жұлдыздары жиналды. Айта кету керек, Шридеви 4 жасынан бастап киноға түскен. Ал алғашқы үлкен рөлін 13 жасында алған.
Дереккөз: Baq.kz
В Атырау -4