Атырау, 23 желтоқсан 08:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Алматыда су жаңа Rolls-Royce апатқа ұшырады

1 582 рет қаралды


Алматыда Rolls-Royce Motor Cars орталығына келуші көлікпен дүкеннен шығып бара жатып, витринаға соғылды.

Бұл оқиға  туралы Instagram парақшасында Артем Свистунов хабарлаған.

"Rolls Royce орталығының қасынан тып-тыныш өтіп бара жатқанмын, кенет дөңгелектің тоқтаған үні, соққы дыбысы естіліп, әйнек шағылды. Көліктен мас па, түсініксіз бір адам шығып, есікке қарай беттеп барады. Бәрі артынан тұра жүгірді! Бұл адам орталықта қайдан жүр?", — дейді оқиға куәгері.

Оның айтуынша, ғимаратқа соғылған көліктің алдыңғы жағы майысып қалыпты. 

Келтірілген шығын сомасы әлі белгісіз, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.



Дереккөз: sputniknews.kz

28 ақпан 2018, 17:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.