Атырау, 23 желтоқсан 08:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қазгидромет: екі облыста елді мекендерді су басуы мүмкін

2 527 рет қаралды


"Қазгидромет" РМК Қазақстанның оңтүстік-шығысы бойынша гидрометеорологиялық болжам жасады. Синоптиктер 2 наурызда Жамбыл мен Алматы облыстарында жауын-шашын болып, су деңгейі көтерілуі мүмкін екенін ескертті.

"Жамбыл және Алматы облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Осының әсерінен қар еріп, таулы өзендер мен жазық аумақта еріген қар суы жиналуы мүмкін. Су деңгейі көтеріліп, елді мекендерді су басуы ықтимал", — делінген хабарламада.  

Естеріңізге салып өтсек, Алматы облысының бес ауданы мен Талдықорған қаласындағы үйлерді бірнеше күннен бері еріген қар суы басып жатыр. Аудан билігі жергілікті ауқымда ТЖ режимін жариялап, әскерилерді көмекке шақырды.

Дереккөз: sputniknews.kz

28 ақпан 2018, 17:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.