Атырау, 14 желтоқсан 09:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

​Ақ үй қауіпсіздікті күшейтіп, президенттің күйеу баласына шектеу қойды

1 829 рет қаралды


Рейтер агенттігінің хабарына қарағанда, Ақ үй мемлекеттік құпияны қадағалауды күшейтіп, президент Трамптың күйеу баласы және оның кеңесшісі Кушнердің маңызды мәліметтерге қол жеткізу құқығын шектеген.

Бұл шектеулер арасында «Президенттің күнделікті брифингі» де бар. Бұл туралы «People» басылымы хабарлады. 

Мәліметтерге қарағанда, жақында Құрама Штат бас прокурорының орынбасары Розенштейн Ақ үйге мазмұны белгісіз құжат жолдаған. Ақ үйдегі ақпарат көздері бұл Кушнердің құзіретін шектеуге қатысты құжат деп түсіндірген.

Дерек көздерінің мәлімдеуінше, Трамптың аға кеңесшісі лауазымына ие Кушнерге былтыр қауіпсіздікке қатысты мәліметтерді алуына рұқсат берілген, алайда, соңғы бірнеше аптадан бері президенттің күйеу баласы Ақ үйдің құпия құжаттарынан қағылды. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

28 ақпан 2018, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.