Атырау, 23 желтоқсан 08:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Тимур Құлыбаев мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын өсіруді ұсынды

1 457 рет қаралды


"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын өсіруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз жүргізген сараптамадан кейін мемлекеттік аппараттағы адамдардың саны 1 100-ге қысқарды. Осыған орай, біз бизнес қауымдастық ретінде осы қаржының барлығын мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеруге жұмсауды ұсынамыз", - деді Тимур Құлыбаев жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша өткен кәсіпкерлердің екінші республикалық форумы барысында. 

Құлыбаевтың айтуынша, бұл мәселе мемлекеттік аппарат қызметінің тиімділігі үшін қажет. Сондай-ақ, ол мемлекеттік қызметке кәсіпқой мамандарды тарту үшін де қызметкерлерге осындай жалақы ұсыну керектігін айтты.

"Біз бизнес қауымдастық ретінде осыған дайынбыз. Себебі біз салық төлеп жатырмыз, оның мемлекеттік қызметкерлерге де қатысы бар. Біз кішігірім ғана және кәсіпқой аппараттың болғанын қалаймыз", - деді "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы.

Дереккөз: tengrinews.kz

28 ақпан 2018, 15:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.