Атырау, 18 мамыр 14:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Ұн тапшылығын тартқан Түрікменстанда халық кебекке таласып жатыр

Бейнежазба
2 294 просмотра


Түрікменстанда ұн тапшылығына байланысты халық арасында кебекке сұраныс артты. Ақпанның ортасында Дашоғыз облысында түсірілген видеода кебекке таласқан бірнеше тұрғынды көруге болады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Азаттық басылымына сілтеме жасап.

Кебек барлығына жетпей қалуы мүмкін деген қауіппен қап арқалап келген халық автокөліктің үстіне ұмтылады.

Түрікменстанда 2017 жылы азық-түлік бағасы күрт көтерілді. Әсіресе ұн қымбат. Өйткені елде егін аз жиналған. Оның үстіне ауыл шаруашылығының өнімділігі төмендеді. 2017 жылы мамырда ел президенті осындай мәселе барын ресми түрде мойындап, ауыл шаруашылығына жауапты вице-премьерді жұмыстан шығарған.

Билік бірнеше жыл бойы ұн тапшылығын білдірмей келген. Бірақ соңғы жылдары мұнай бағасы төмендеп кеткен соң, үкімет шетелден азық-түлік сатып алуды азайтқан.

Өткен жылы желтоқсан айында ұн бағасы екі есе қымбаттап кетті. Елде жоғары сортты ұн сатып алу мүмкін болмай қалды. Сол себепті ақпан айының басында Түрікменстан билігі ұнды артығымен алуға тыйым салған.

Ұн тапшылығы әсіресе елдің солтүстік өңірлеріндегі Дашоғыз облысында қатты сезіледі. Мұнда қазір адам басына бес келіден артық ұн сатып алуға болмайды.


Дереккөз: Baq.kz

28 ақпан 2018, 15:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.