Атырау, 18 мамыр 16:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Солтүстік Корея Сирияға химиялық қару жіберген бе?

2 422 просмотра


БҰҰ ақпаратынша, Солтүстік Корея Сирияға химиялық қару жасау үшін құрал-жабдықтар жіберіп отырған, - деп мәлімдейді BBC ақпарат агенттігі.

Есепте көрсетілгендей, 2012-2017 жылдары Сирияда 40-қа жуық тіркелмеген құрал-жабдықтар анықталды. Құрал-жабдықтардың арасында қышқылға төзімді тақталар, клапандар мен құбырлар, термометрлер болған. Бұл құралдар химиялық қару өндірісінде қолданылады (Шығыс Гутаға жасалған шабуылда халықты улы газбен улаған деген ақпаратты "жалған" деп шыққан болатын).

Болжам бойынша, Сүрияның ғылыми зерттеулер орталығы Солтүстік Кореямен араға бірнеше компанияны салып транзакция жүргізген. Сонымен қатар есепте Сирия қару орталықтарында корей зымырандарын жасаушы мамандар байқалған делінеді. Солтүстік Кореяға өзінің ядролық қаруға қатысты саясаты кесірінен халықаралық санкция салынған. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

28 ақпан 2018, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.