Атырау, 18 мамыр 14:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Шетелге шығатын қазақстандықтарды сақтандыру тәсілдері өзгертілмек

1 608 просмотра


Елімізде шетелге шығатын тұлғаларды сақтандыруда бірқатар өзгерістер енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышев бүгінгі Мәжілістің пленарлық отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қазіргі кезде туроператордың жауапкершілігін сақтандыру кезінде сақтандыру тек туроператордың кінәсі дәлелденген кезде ғана жұмыс істейді. Бұл өте сирек кездесетін жағдай. Турист, әдетте, денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге байланысты өз мәселелерімен жалғыз қалады. Заң жобасы шетелге шығушы туристерді сақтандыру тәртібін өзгертуді қарастырады», - деді ол.

Оның айтуынша, заң жобасында туроператор туристке жолдаманы сатқан кезде оған сақтандыру куәлігін беру міндеттелген. Сақтандыру куәлігінде шетелде тәулік бойы медициналық көмек көрсететін халықаралық компаниялардың телефондары көрсетілетін болады.

«Шетелде сақтандыру жағдайы орын алған кезде, турист медициналық қызмет көрсетуге, жедел медициналық көмекке және репатриация бойынша шығындалмайды. Бұл шығындарды халықаралық компанияға сақтандыру компаниясы төлеп береді», - деді Данияр Ақышев.

Ол туроператор үшін сақтандыру құны қымбат болмайтынын айтты.

«Күніне 320 теңге шамасында, 3 милионнан 16 млн теңгені құрайтын шығындар сақтандырылатын болады. Бұл сақтандыру тек туроператорлардың көмегіне жүгінген туристер үшін ғана жұмыс істейді», - деді ол.

Оның айтуынша, туроператорларға жүгінбейтін туристер және өз бетінше шетелге шығатын азаматтар өздері үшін жауапкершілікті дербес көтереді және мемлекет оларды өздерін сақтандыруға міндеттей алмайды.

Дереккөз: Baq.kz

28 ақпан 2018, 15:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.