Атырау, 18 мамыр 14:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​БЖЗҚ қаржылары қайда құйылып жатыр

1 480 просмотра


«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ өкілдері зейнетақы активтерінің қазіргі кездегі инвестициялық қоржынының құрылымы туралы айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

2018 жылғы 1 ақпанда Зейнетақы қорының ҚР Ұлттық банкінің сенімді басқаруындағы зейнетақы активтері 7,8 трлн теңгені құрады. 

«Қоржындағы үлестің негізгі бөлігі 44,47%-ті Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары құрайды, олардың үлесі жыл басынан бері 3,18%-ке азайды. Мемлекеттік бағалы қағаздардың ағымдағы құны 3 473,64 млрд теңге болып отыр. Инвестицияланған зейнетақы көлемі бойынша екінші орында Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің облигациялары тұр, олардың қоржындағы үлесі 15,82%-ке тең. Ағымдағы құны 1 235,92 млрд теңгені құрады», - дейді «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Егеубаева. 

Бұдан тыс, инвестиция қоржынында 2018 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша шет мемлекеттердің бағалы қағаздары (12,61%), Қазақстанның квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары (10,11%), Қазақстан банктеріндегі депозиттер (4,20%), шетелдік банктердегі депозиттер (5,25%) және қоржын тәуекелі мен табыстылығының рационалды қатынасын қамтамасыз ететін басқа да құралдар бар.

«Қоржынның валюталық құрылымы жайында айтар болсақ, ұлттық валютамен есептелетін құралдар 70,81%-ті құрайды, қалған 29,19% шетелдік валютадағы құралдардың үлесіне тиесілі, соның 28,61%-ін АҚШ доллары құрайды.

Инвестициялық қызмет жүргізудің, сондай-ақ шетелдік валюталар бағамының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруінің нәтижесінде, 2018 жылдың қаңтарындағы таза инвестициялық табыс 9,8 млрд теңгені құрады», - дейді ол.  

Дереккөз: inform.kz

28 ақпан 2018, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.