Атырау, 14 желтоқсан 09:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

Меркель Германия үкіметін төртінші рет басқаруы мүмкін

1 963 рет қаралды


Германияда «Христиан демократиялық одағының» съезіне келген делегаттар партияның Социал-демократтармен коалиция құру туралы келісімін бір ауыздан қолдады.

Осылайша Ангела Меркельдің төртінші рет федеральды канцлер атануына мүмкіндігі артты. Ол алдағы уақытта салық пен мемлекеттік қарыздарды өсірмеуге күш салатынын атап өтті. Оған қоса Германияны Еуроодақтағы жетекші экономикалық елге айналдыруға талпынатынын жеткізді. Социал-демократтар да қашықтықтан дауыс беру арқылы партия мүшелерінің консерваторлармен келісімі туралы ойын біліп жатыр. Оның қорытындысы наурыздың төртіне белгілі болады. Егер партия мүшелері үлкен одақты бірауыздан қолдаса жаңа үкімет құрылады.  Ангела Меркель, Германия Канцлері:

- Біз еңбекқор әрі сенімді үкіметті қолдаймыз. Яғни билік халықтың ақшасын ақылмен жаратуы керек. Ол үшін мықты қаржылық жүйе болуы шарт. Біздің коалиция қарапайым принципті ұстанады. Яғни қарыз бен салықты өсірмей, мемлекеттің болашағы үшін маңызды салаларға инвестиция тартады.

Дереккөз: 24.kz

28 ақпан 2018, 12:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.