Атырау, 18 мамыр 16:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Бүгін алты қалада ауа сапасы төмендейді

1 241 просмотра


28 ақпан күні метеорологиялық жағдайлар Қазақстанның 6 қаласында ауа сапасының төмендеуіне ықпал етеді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Алматы, Астана, Ақтау, Жаңаөзен, Ақтөбе, Атырау қалаларында метеожағдайлар ластаушы заттардың атмосферада жиналуына ықпал етеді.

Ал Балқаш, Қарағанды, Теміртау, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Ақсай, Орал, Өскемен, Ақсу, Екібастұз, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз және Шымкент қалаларында керісінше, ластаушы заттар ауада ыдырайтын болады.

Айта кетейік, 2018 жылдың 1 қаңтарынан Қазгидрометтің www.kazhydromet.kz сайтында қолайсыз метеорологиялық жағдайға (ҚМЖ) болжамдар жарияланады.

ҚМЖ – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін. Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі –синоптикалық жағдайдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.

Еске сала кетсек, синоптиктер ақпанның соңғы күндері ауа райы суытады деген болжам айтқан.

Дереккөз: Baq.kz

28 ақпан 2018, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.