Атырау, 19 сәуір 14:04
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Ақтөбеде өртенген пəтерден екі баланың мəйіті табылды

2 955 просмотра


Ақтөбенің Хромтау қаласында тұрғын үйден өрт шығып, 4 жəне 9 жастағы екі бала мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 3 қабаттағы пəтер өртеніп, екі бала қаза болды. «Оқиға орнына жеке құрамнан 7 адам және 2 техникамен қатар полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем қызметі жіберілді. Өрт оқиғасы барысында 20 адам қауіпсіз аймаққа көшіріліп, 10 адам құтқарылды. Жану алаңы 10 шаршы метр. Өрт 20 минутта сөндірілді. Оқиға барысында 2009 және 2013 жылы туған екі баланың денесі табылды»,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 

Дереккөз: inform.kz

15 ақпан 2018, 14:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.