Атырау, 19 сәуір 10:45
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Алматы орталығындағы арнайы операция: Көлікке 8 рет оқ атылған

2 264 просмотра


Алматыда заңсыз қару-жарақ ұстаған, сақтаған және тасымалдаған 1994 жылы дүниеге келген Дәурен Әлеуxановқа қатысты сот ісі жүріп жатыр, деп xабарлайды Today.kz тілшісі сот залынан.

Сот отырысы 30 минутқа кейінге шегеріліп басталды. Өйткені сот отырысына айыпталушының қорғаушысы кешігіп келді.

 "Мен 7 қараша күні Шымкенттен жұмыс іздеп Алматыға келдім. Абай көшесінің бойынан уақытша үй жалдадым. Содан кейін досымнан уақытша жүргізуге көлік сұрадым. Досыммен қаладағы "Урбан" кафесінде кездестім. Ол маған өзі жүргізіп жүрген Toyota Land Cruiser автомашинасын берді. Одан кейін Шалабаев Қанатты алып кеттім. Бірақ оны қай жерден алып кеткенімді білмеймін. Екеуміз келе жатқанда бізді бір көлік қысып, тоқтата бастады. Мен оның мемлекеттік нөмірін байқамадым. Көліктен қара киімді 4 адам шығып, көліктің артқы орындығын ұзын нәрсемен ұра бастады. Мен қорқып, ештеңе істеген жоқпын. Бір кісі тезеден келіп куәлігін көрсетті. Содан кейін ғана олардың құқық қорғау органдары екенін түсіндім. Мен қолымды көтердім. Мені шығарып, бетімнен 2 рет ұрды. Көліктің дөңгелегінің жанына жатқызып, қолымды қайырып, ішімнен тепті. Сол жерде 4 сағаттай жаттым", - дейді айыпталушы Дәурен Әлеуxанов.

 Сот болса айыпталушы мен куәгердің әр кезде әртүрлі түсініктеме бергенін алға тартып отыр.

 "Мен көлікке отырғанда ешқандай автоматты көрген жоқпын. Тек пышақты ғана көрдім. Тіпті көлікте қару бар екенін білген жоқпын. Полиция "беріліңдер" деді. Оны Дәурен тыңдаған жоқ", - дейді куәгер Қанат Шалабаев.

Айыпталушы Дәурен Әлеуxанов  өз кінәсін мойындады. Бірақ көліктен табылған жарылғыш зат өзінікі емес екенін, оны тергеу кезінде полиция көліктен алып шыққанын айтты.

 "Бізді уақытша қамауға алғанда құқық қорғаушылар біреуіміздің бара беруімізге болатынын айтты. Бар кінәні Дәурен өз мойнына алды. Өйткені ол "сен бұрын сотталғансың ғой" деді", - дейді куәгер Қанат Шалабаев.

Ал арнайы операция құрамында болған полиция қызметкерінің түсіктемесінде арнайы операцияны Жансейітов бастаған. Құқық қорғау органдары 21:30 шамасында Алматы қаласындағы Сәтбаев пен Назарбаев көшелерінің қиылысында Toyota Land Cruiser көлігін тоқтатқан. Сол кезде Жансейітов куәлігін көрсетіп, көлікте қару бар екенін көріп, әріптестеріне ескерткен. Шығып, берілуді сұраған. Алайда жүргізуші мен жолаушы берілмеген. Керісінше көлікті әрі қарай жүргізіп, полиция қызметкерін қағып кеткен. Алдымен арнайы операция құрамындағылар аспанға оқ атып ескерту жасаған. Артынша көлікке 8 рет оқ атқан. Бірақ көлік брондалғандықтан жүрісін тоқтатпай, Абай - Желтоқсан көшесіне бағыт алған. Арнайы операция құрамындағылар оларды Назарбаев көшесінің бойында ұстаған.

Дереккөз: today.kz

15 ақпан 2018, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.