Атырау, 23 желтоқсан 15:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Алматыда той сыйлығын бөлісе алмаған ерлі-зайыпты бір күннен кейін ажырасып кетті

2 026 рет қаралды


Алматылық АХАТ қызметкері ең қысқа мерзімді неке жайында айтып берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркісіб аудандық АХАТ бөлімінің жетекшісі Жанна Дүйсембаеваның айтуынша, Алматыда ерлі-зайыптылар некесін қиып, ертеңінде ажырасып кеткен.

«Мен керемет той өткіздім. Бұл осыдан бірнеше жыл бұрын болған оқиға. Тойға 1 мыңға жуық қонақ шақырылды. Ерлі-зайыптылардың ата-анасы ауқатты болды. Олар Алматыда тұратын. Ертеңінде жас жұбайлар ажырасуға өтініш жазуға келді. Себебі, олар тойдағы кейбір сыйлықты бөлісе алмапты. Осындай тосын оқиға тіркелді», - деді АХАТ бөлімінің жетекшісі.

Дереккөз: Baq.kz

14 ақпан 2018, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.