
Амстердам сотының ақшаны бұғаттау туралы шешіміне қарамастан Ұлттық қордың $22,6 млрд активі әлі де бұғаттаулы. Бұл туралы молдавиялық Ascom Group компаниясы таратқан мәлімдемеде белгілі болды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі LS басылымына сілтеме жасап.
Бизнесмендердің өкілі Анатолий Статидің қолындағы деректерге сүйенсек, Амстердам округтік сотының қаулысы ақшаны босатуға заңды түрде әсер ете алмады. Себебі бұл шара бірінші инстанциядағы Брюссель сотының шешіміне сәйкес жасалған. Бұл шешім тек осы заң институтындағы тергеуден кейін ғана күшіне енеді.
«Брюссель сотының қаулысы – 2017 жылдың тамызынан бері еуропалық соттардың түрлі шешімдерінің бірі. Соның нәтижесі бойынша Стати тарапы қазақстандық қаржыны - $28 млрд-ты Нидерланды, Бельгия, Швеция, Люксембургте бұғаттай алды», - делінген ақпаратта.
Дереккөз: Baq.kz
В Атырау 0