
Мәдина Әбілқасымова Еңбек және халықты әлеуметтік министрлігіне басшы ретінде мол пайда әкеледі. Мұндай пікірді бүгін ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Меніңше ол жақсы министр болады. Ол өте көп пайда әкеледі, батыстық білімі бар. ЭЫДҰ-мен байланысы жақсы. Өздеріңіз де білесіздер, ЭЫДҰ елдерінің лайықты кәрілікті және әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуде өте мол тәжірибесі бар. Бұған қоса, әлеуметтік-экономикалық блоктан шыққаннан кейін ол Ұлттық экономика, қаржы министрліктерімен өзара іс-қимылды күшейтеді деп ойлаймын. Бұл Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне пайдалы болады», - деді Руслан Дәленов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Сонымен қатар ол әріптесінің адам ретінде жұмысқа барынша қабілетті екендігін баса айтты.
«Егер біреулер өңірлермен жұмыста, еңбек дауларын шешуде нақты тәжірибесі жеткіліксіз дейтін болса, мен батыл мінезі бар екендігін айта аламын. Сондықтан біз оны өте сауатты, сапалы қызметкер, экономист, жетекші, жалпы өте жақсы адам ретінде сипаттаймыз», - деді бірінші вице-министр.
Дереккөз: inform.kz
В Атырау 0