Атырау, 12 қараша 13:46
 дождьВ Атырау +4.1
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37

ҚР Президенті Әкімшілігінің жалпы бөлімінің меңгерушісі тағайындалды

2 637 рет қаралды


ҚР Президенті Әкімшілігінің жалпы бөлімінің меңгерушісі тағайындалды, - деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Бақытжан Берікбайұлы Темірболат Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды", - делінген Ақорданың сайтында. 

Сондай-ақ, Мирболат Хабиұлы Жақыповтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметтен кеткені айтылады. "Мемлекет басшысының Өкімімен Мирболат Хабиұлы Жақыпов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды", - делінген Ақорданың хабарламасында.

7 ақпан 2018, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.