Атырау, 23 желтоқсан 17:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Статистика агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаева бостандыққа шықты

2 660 рет қаралды


Статистика агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаева бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

2018 жылдың 5 ақпанында жаза мерзімі аяқталды. 2014 жылы Мешімбаева 7 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Ал Астананың қылмыстық істер жөніндегі сотының апелляциялық алқасы экс-шенеунікке қатысты жаза мерзімін өзгеріссіз қалдырғандықтан, ол Алматы облысындағы жалпы тәртіптегі колонияға кезеңделген еді. 

Бір жыл және бес ай уақытта Анар Мешімбаева Алматы облысындағы қоныс колониясында болды. Сөйтсек, 2015 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылғы рақымшылық туралы жарлығымен Анар Мешімбаеваның жазасы екі есеге азайған екен.  

Дереккөз: tengrinews.kz

6 ақпан 2018, 14:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.