Атырау, 14 қаңтар 15:07
 қар жаууы ықтималВ Атырау -4
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

​Мұратхан Тоқмәдиге қатысты қылмыстық іс Жамбыл облысының сотына жолданды

2 775 рет қаралды


Бизнесмен Мұратхан Тоқмәдиге қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іс Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Азамат Тілеповтің төрағалығымен өтеді.  

Еске сала кетейік, Мұратхан Тоқмәди былтыр 12 маусымда ұсталған болатын. Алматыда арнайы қызмет "Депутаттық корпус" атты қылмыстық топты ұстау бойынша операция өткізген еді. 

БАҚ-та шыққан ақпарат бойынша, бұл қылмыстық топты "ҚазШыныҚұрылыс" зауытының иесі Мұратхан Тоқмәди басқарған. Сондай-ақ, прокуратура мәліметінше, оның үйін тінту кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрі табылған. 

Ал таяуда бизнесменге қатысты үкім шыққан. Мұратхан Тоқмәди 3 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Дереккөз: tengrinews.kz

6 ақпан 2018, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.