Атырау, 19 мамыр 21:57
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақстанда First Heartland Bank пайда болды

1 595 просмотра


Қазақстандағы ЭкспоКредит банкі қаржы институтының атауы First Heartland Bank болып өзгерді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі LS басылымына сілтеме жасап.

Банктің ресми сайтында First Heartland Bank ЭкспоКредит банкінің барлық құқығы мен міндеттемесін иеленді деп жарияланған. 2018 жылдың 8 қаңтарында құрылым ресми түрде атауын ауыстырды.

Қаржы институтының жалғыз акционері ZIM Capital екені туралы да жазылған.

Еске сала кетейік, 2016 жылы қазақстандық RBS банкі ресейлік кәсіпкер Игорь Кимге сатылды.

Сонымен қатар, 2016 жылы RBS банкінің атауы ЭкспоКредит банкі деп ауысқан. Ұлттық банктің 2017 жылдың 1 желтоқсанындағы деректеріне сәйкес, аталған банк активтері бойынша 32 банктің ішінде 28-орында. Оның көлемі 21,52 млрд теңге, қарыз портфелі 86,2 млн теңге.

Дереккөз: baq.kz

22 қаңтар 2018, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.