Атырау, 20 мамыр 00:22
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Ауғанстандағы жарылыс салдарынан Қазақстан азаматы көз жұмды

2 066 просмотра


Ауғанстанда қонақүйге жасалған шабуыл салдарынан қазақстандық азамат қайтыс болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов мәлімдеді.

«Ауғанстаннан қайғылы хабар жетті. Бүгін таңертең 1978 жылы туған Қазақстан азаматы содырлардың Кабулдағы Intercontinental қонақүйіне шабуылы салдарынан ажал құшты. Қаза болған азаматтың жақындары мен туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз», - деп жазды Фейсбуктегі парақшасына Әнуар Жайнақов.

Оның айтуынша, қазақстандық дипломаттар Ауғанстанның қауіпсіздік қызметі мен Сыртқы істер министрлігінің өкілдерімен үнемі байланысып отыр.

«Жақын күндері мерт болған азаматтың денесін елге жеткізуді ұйымдастыру бойынша мәселелер шешілетін болады», - деді Әнуар Жайнақов.

Бұған дейін хабарланғандай, қаруланған бір топ адам Ауғанстан астанасында орналасқан «Интерконтиненталь» қонақүйінде адамдарды тұтқынға алған болатын.

Жарылыстың видеосын бөліскен танымал саясаткер Ерлан Қарин бұл қонақ үйге Орталық Азия мен ТМД елдерінің азаматтары көптеп тоқтайтынын атап өтіпті.

БЕЛТА-ның жазуынша, қаруланған содырлар негізгі есіктен кіріп, ішке енген. Бұл уақытта ғимаратта үйлену тойы немесе өзге дереккөздерге сәйкес, конференция өтіп жатқан. Олар іс-шараға қатысушыларға қарсы оқ ашқан. Содырлардың арасында жанкешті-лаңкестер де болған. Оқиғаға куә болғандар үш жарылыс жасалғаны туралы хабарлады. Қаза болған және зардап шеккен 35 адам туралы айтылуда. Бұл ретте, полицейлер қонақүйден адамдардың басым денін қауіпсіз жерге шығарып үлгерген.

Дереккөз: baq.kz

22 қаңтар 2018, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.