Атырау, 19 мамыр 04:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Ерлан Біләл 1 миллионнан асатын теңге көлемінде кепілдеме төледі

1 531 просмотра


Алматыда Медеу аудандық соты пара алды деген күдікпен ұсталған театр директор Ерлан Біләлға қатысты бұлтартпау шарасын санкциялады. Ол 1205 000 теңге көлемінде кепілдеме төледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Қалалық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 9 қаңтарда №2 Медеу аудандық тергеу соты «Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМК директоры Ерлан Біләлді кепілмен босату түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдады. 

Күдіктіні кепілмен босату Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының  Алматы бойынша департаментінің арызына сай қабылданды.  

Сотқа дейінгі тергеу ісі материалдарына сәйкес, Е.Біләл «Сезам» қоғамдық қайырымдылық қорының басшысынан 23 желтоқсан мен 7 қаңтар аралығында театр қойылымдарын бірігіп өткізу туралы келісімшарт жасау үшін 900 мың теңге көлемінде пара алған.

Айта кету керек, белгілі актер, театр қайраткері Ерлан Біләл театр ғимаратында заңды тұлғадан 1 млн теңге жуық көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталған болатын. 

Кейін Қазақстан Театр қауымдастығы, актерлер, белгілі өнер қайраткерлері Ерланды арашалап алмақ болды.  

Дереккөз: inform.kz

16 қаңтар 2018, 13:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.