Атырау, 7 мамыр 12:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +22
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Уәкіл: Прокуратура "Ерімбетовті азаптауға" қатысты тергеу бастады

1 736 просмотра


Адам құқығы жөніндегі орталық бас прокуратураға бизнесмен Ескендір Ерімбетовтің тергеу абақтысында «азаптауға ұшырағаны» туралы мәлімдемені тексеру барысын бақылауға алуды және қажет болса тиісті шаралар жасауды сұрады.

Бұл туралы 15 қаңтарда адам құқығы жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі хабарлады. Уәкіл кеңсесінің ақпаратына қарағанда, Алматы қалалық прокуратурасы Ерімбетовтің анасы Ғайни Ерімбетованың үндеуінде айтылған фактілер бойынша соталды тергеу бастаған.

Бұған дейін Ғайни Ерімбетова түрмеде ұлы Ескендір Ерімбетовті ұрып-соғып, азаптағаны туралы мәлімдеген. Қаңтардың 12-сі тергеуші Ерік Уәлиев Ескендір Ерімбетовті тергеуге шақыртқан кезде үкіметшіл бірқатар интернет сайттарының журналистері Ерімбетовті сурет және видеоға түсіріп алып, кейін оларды жариялап, тұтқынның "азапталғаны туралы сөздер бекер" деп хабарлаған. Сенбі күні тергеуші Уәлиевтің көзінше қорғаушыларына тұтқын Ерімбетов әлгі фото мен видеоға өзін түсіруге рұқсат бермегенін айтқан.

Ескендір Ерімбетов пен тағы үш адам өткен жылғы қарашадан бері тергеу абақтысында отыр. Олардың үстінен "БТА банктен қаржы жымқырған" деген күдікпен іс қозғалып, мүліктеріне арест салынған.

12 қаңтарда «Ар.Рух.Хақ» қоғамдық қоры адам құқығы жөніндегі уәкілге Ерімбетовті азаптау фактісіне қатысты тексеру жүргізуді сұраған. «Уәкілдің тапсырмасы бойынша Адам құқығы жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Серік Оспанов 12 қаңтарда бірден Алматыдағы СИ-1 тергеу абақтысына барды. Ол күні Ерімбетов тергеушінің көзінше сөйлесуге құлықты емесін білдірді. 13 қаңтар күні өткен жеке кездесуде Ескендір Ерімбетов өзіне қатаң қарағаны немесе қысым жасалғаны туралы шағым айтпады. Құқық қорғаушы оның денесінен зақымданған ешнәрсе байқамады» делінген адам құқығы жөніндегі уәкіл хабарламасында.

Дереккөз: azattyq.org

15 қаңтар 2018, 16:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.