Атырау, 7 мамыр 21:55
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарма төрағасының орынбасары тағайындалды

1 969 просмотра


«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып Алик Айдарбаев тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ баспасөз қызметі Алик Айдарбаевтың тағайындалғаны туралы ақпаратты растады. Сонымен бірге, баспасөз қызметі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның жаңа құрылымы бекітілгенін хабарлады. 

Жаңа құрылымға сәйкес, басқарушы директорлар саны 10-нан 5-ке дейін, департаменттер мен құрылымдық бөлімшелердің саны 37-ден 27-ге дейін қысқарды.

Басқарма төрағасының орынбасары қызметіне бір штаттық бірлік енгізілді. 

«Құрылымға өзгерістер енгізу - басқарудың оңтайлылығын және тиімділігін арттыру, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ трансформациясы процесіне терең үңілу, активтерді басқаруда сатылы құрылым енгізу және Қор құрамына кіретін ұлттық компаниялардың экономикалық тиімділігін арттыру міндеттемелері аясында қажет болды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Жаңа құрылымның жұмысы осы жылдың 11 қаңтарынан басталды.

Дереккөз: inform.kz

15 қаңтар 2018, 11:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.