Атырау облысы әкімінің орынбасары Сәлімжан НАҚПАЕВ шенеунік орындығынан қайтадан мұнай саласына кетті. 4 желтоқсаннан бастап «Ембімұнайгаз» АҚ-ның әлеуметтік саясат жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалған.
Сәлімжан Жұмашұлы мемлекеттік қызмет мансабында ұзақ жолды артқа қалдырды. Ол жүйелі түрде мансап баспалдақтарынан біртіндеп өткендердің бірі: маман, бөлім бастығы, аудан әкімі, қала әкімі, облыс әкімінің орынбасары... болды.
Шенеунік болған үлкен өмірбаянын бұрынғы қашқын экс-әкім Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫҢ қарамағында істеген жұмыс тәжірибесін едәуір байытты. 2010 жылы Нақпаев «ақ үйдің» 7-қабатындағы қызмет кабинетімен қоштасқан еді. Сол кезде «Agip KCO» компаниясының жергілікті атқарушы органдармен байланыс жөніндегі департамент басшысы лауазымын атқарды. Кейінірек өзі мойындағандай, ол басшысымен тіл табыса алмай, өз еркімен кетіп қалған.
Өзара жеке бастағы жеккөрушіліктің шексіз болғаны сондай, 2012 жылдың сәуірінде Нақпаев Рысқалиевтың түрткі болуымен халықаралық консорциумның топ-менеджері кеңсесінен темір тордың ар жағынан бір шықты. №2 қалалық соты оны ҚР Қылмыстық кодексінің 327-бабы («Өзінше билік ету») бойынша 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Ал Атырау облысы үшін тарихқа айналған сол жылдың қыркүйек айында оны Жоғарғы сот толықтай ақтап шықты.
Солай бола тұра, Атырау қалалық сотының бірде-бір судьясы зардап шеккен жоқ. Неге екенін сұрамаңыз - біз де білмейміз. Нақпаев бұл судьяның есімін ұмытпады, бірақ оны жауапкершілікке тартпады. Қадағалау органдары бұл мәселені қозғамауды ұйғарды.
Нақпаевтың ісі 2012 жылдың тамыз айында бас прокурор Асхат ДАУЫЛБАЕВТЫҢ нөкерлерімен бірге қашып кеткен Рысқалиевты масқаралап, қатты сын айтқан наразылығы бойынша қайта қаралды.
Сәлімжан Нақпаевтың бұрынғы басшысының отставкаға кетуіне түрткі болғаны белгілі. Өзінің түрмеде отырып жазған «президентке хатында» Атырау облысы әкімдігіндегі ауқымды сыбайлас жемқорлық және мемлекет меншігі мен бюджет қаржыларынан бәленбай миллиардтаған жымқыру фактілері туралы баяндады. Сенсациялық хаттың уақыты 2012 жылдың 9 тамызы деп белгіленген. Ал 15 тамызда Н. НАЗАРБАЕВ Атырауға келіп, Рысқалевтың отставкаға кеткені туралы хабарлап, облыс әкімі етіп Б. ІЗМҰХАМБЕТОВТІ тағайындады.
Сол хаттан кейін прокурорлық тексеру жүргізіліп, мемлекетке 72 млрд теңге зиян тигізілгені анықталды. Іс материалдары 700 томға дейін барды. 22 адамнан тұратын топқа айып тағылды. Облыс әкімінің орынбасарлары, басқармалар мен бөлімдердің бастықтары, кәсіпкерлер, қаржы қызметкерлері... түрлі мерзімге жаза алды. Бірақ Рысқалиевтың өзі, оның інісі, үш күйеу баласы, құрылтайшылар мен олармен байланысты фирмалардың директорлары ғайып болды. 11 адамға іздеу жарияланды. Олар мықтап жасырынған ба, әлде іздестіру нашар ма, белгісіз, бірақ 5 жыл ішінде сол топтан екі адам - осы сатыдағы ең ұсақтары ғана айыптау орындығына отырды.
Нақпаев өзінен айыптау алынып тасталған бойда мемлекеттік қызметке қайта оралды. Президенттің өзі осы жөнінде тапсырма берген деседі. 2013 жылдың 19 ақпанында ол қайтадан облыс әкімінің, енді Бақтықожа Ізмұхамбетовтің орынбасары лауазымына отырды. Қазіргі әкім Нұрлан НОҒАЕВТЫҢ кезінде де оның позициясы өзгеріссіз қалды. Біздің мәліметіміз бойынша, ол әкімдіктен өз еркімен кетіпті.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА