Атырау, 23 желтоқсан 23:06
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Әуеден түскен «сынықтар»

5 757 просмотра

Ресей Федерациясымен шектескен шекарадан шамамен екі шақырымдай Құрманғазы ауданының Қоңыртерек селосына жақын маңнан белгісіз ұшатын нысан қалдықтары табылды.

Белгісіз аппараттың құлауын жергілікті тұрғындар жұмаға қараған түні сырттай бақылаған еді. Ал, үш күннен соң сол жерге шекара жасағы келді. Шахмат тәртібі бойынша ақ және қара түске боялған ұзындығы 2,5 метр және диаметрі 0,9 метр болатын бөлшектер, сондай-ақ, жарылыстан кейін күйіп, майысқан көлемі 10х10 сынықтар табылған.

Республикалық БАҚ ол сынықтарды Ресейде шығарылған ғарыш зымыранының баспалдақтары деп анығына жетпестен жазған еді. 23 қарашада ТЖД ресми хабарлама жасады.

Облыстық ТЖД төтенше жағдайларға әрекет ету жө-ніндегі басқарма бастығы Сәлімғали САЛЫҚБАЕВТЫҢайтуынша, 22-ші қарашадан кейін, яғни, шекарашылар табылған сынықтар туралы хабарлағаннан соң, Құрманғазы ауданына арнаулы комиссия барған екен. Болған жағдай туралы ІІД, ҰҚКД, прокуратура мен «Батыс» аймақтық командованиесінің кезекші қызметтері хабардар етілді. Нысанның құлаған жері қоршалып, күні бүгінге дейін шекарашылар мен полицейлердің бақылауында. Қазіргі жағдайда нысан сынықтарын тасымалдау мәселесі шешілуде.

С.Салықбаев ені 4-тен 5 мерге дейін және тереңдігі 10 см болатындай шұңқыр болып қалған нысан бөлшектері түскен жердегі радиацияның таралуы шектеулі мөлшерлі коэффициенттен аспайтындығын атап өтті. Бұдан басқа, ол сынықтардың не екендігі және ол сынықтардың неден жасалғандығы әлі күнге дейін анықтала қойған жоқ. «Астрахан облысы бойынша Ресей ТЖМ ММ-нің бастығына  сол кезеңде РФ аумағында қандай ма бір ұшу аппараттарын жіберу фактілері болған-болмағандығы туралы сауал жолданды»,-дейді Салықбаев. – Біз ондай фактілердің болмағандығы туралы ауызша жауап алдық, алайда, жазбаша түрде жазылған жауапты күтіп отырмыз».

Лев ГУЗИКОВ

25 қараша 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.