Қанша жыл балық аулап жүрсем де, мөңке балығының аналығына көбею үшін аталық керек емес екенін жақында ғана бір жерден оқып білдім. Олар суда өсіп-өну функциясын жақсы атқарады, ал басқа балық түрлерінің шоғалдары (молока) суға сіңіп кетеді. Бұл шоғалдар мөңке балық үшін уылдырықтың пісіп жетіле бастайтын белгісі. Егер кешіксе, шабаққа арналған планктонды басқалар жеп қояды. Бұл процесс гиногенез деп аталады.
Осы күзде мөңке балығын аулаған нүктелерді атайын: орталық көпір жанындағы пирс, ретробақ артындағы жағалау, Геолог поселкесіндегі саяжайлар. Мөңке балығы құрттардың қармақ жемін жақсы қабады. Осы күзде торман жақсы жүрді. Бұл 25-30 сантиметрлік өзен сазаны, оның етінің дәмділігі сондай, бармағыңды жалайсың. Балық аулаушылар арасында тек осы сазанды аулауды ғана кәсіп қылған топ пайда болды.
Жақында орталық көпір жанындағы пирске сол топтардың бірінің мүшелері келген еді. Олар өзара қазақша сөйлескенімен, бір-бірін Стив пен Дэйв деп атады. Олар карбон спиннингі бар қара футлярды арқаларынан түсіріп, түрлі құрал-саймандарын шығара бастады. Қобдишаның ішінде керек нәрсенің бәрі бар, тек дәлдеп тигізу үшін оптикалық нысана тетігі ғана жетіспейді...
Стив әп дегеннен үлкен табан балықты шығарды. Оны маған ұсынып, торман аулауға келгендерін түсіндірді. Содан соң қалбырдағы сыраны сіміріп, жорыққа арналған креслоға шалқайды. Осы кезде полярланған көзілдірік киген Дэйв қармақсабын түрлі жабдықтармен толтырды.
- Бұлар осы жердің жігіттері, шетелдік компанияда жұмыс жасайды, - деп түсіндірді досым. – Осы жерде үнемі балық аулайды.
Айта кету керек, біз әрі кеткенде екі мың теңге тұратын қарапайым «крокодил» спиннингтермен тормандарды олардан аз аулаған жоқпыз. Маған Дэйвтің қара көзілдірігі маза бермеді. Ол туралы интернеттен іздеп білдім, оны балық аулау үшін судағы шағылысқан күн сәулесінен қорғау үшін кию керек екен.
Пирске Максим есімді жігіт те үнемі келеді. Ең ірі мөңкелерді ұстайды, бірақ оның қармағы менікінен өзгеше емес, спиннингісі де қарапайым «түтік».
Пирс жағалауында тізілген балық аулаушылардың да олжалары аз емес. Жағалаудың осы бөлігінде жүзбелі «Тірі балық» павильонынан бірнеше метр жерде жазда бір балықшы 40 келі жайын ұстап алыпты. Әріптестерім оны ұстаған Ғалым есімді жігіт деп, оны көрсетті. Мен оның қасына жақындап барып сұрағанымда, ол жайын ұстаған мүлдем басқа адам екенін айтты.
Ғалымның айтуынша, бұл жылы қыркүйек-қазан айларында сазан көп жүрген екен. Көз алдыңа елестету қиын-ақ: әр балық аулаушы күніне 30 сазаннан аулапты. Қызық, ал бұл кезде «Дина» базарында сазанның келісі 500-ден 700 теңгеге дейін қымбаттап кеткен еді.
«Крокодил» мен «карбон» спиннингтердің иелері жарыса балық аулады. Сөйтіп, достық жеңді. Шыны және көмірталшық саймандар сынақтан сүрінбей өтті. Балықтар қармағымызды қаба берсін!
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген автор